Қызылсуат ауылының экологиясы мен инфрақұрылым мәселесі
Бұл Астанамыздан 10 шақырым жерде іргелес жатқан Ақмола облысының Қызылсуат ауылы. Мұнда жыл сайын тұрғындар санының өсу қарқыны анық байқалады. Адам шоғыры артып, көлемі өскен сайын тазалықтың да өзектілігі артады. Ендеше Қызылсуат ауылының көркін ашып, оған ерекше көңіл бөлу, халықтың экологияға деген жауапкершілігін арттыру үшін қандай шаралар қолға алынғанын бүгінгі бағдарламада зерттейміз.