Жамбыл облысында су сапасы мен тапшылығы мәселесі қалай шешілмек?
Дүниежүзілік су жөніндегі комиссияның дерегіне сүйенсек, бүгінде әлемнің 28 елінде миллиардқа жуық адам ауызсу тапшылығын сезініп отыр. Жыл сайын күрделене түскен бұл жағдай тіршілік нәрін ұқыпты пайдаланып, өзен-көлдерді қорғау қажеттігін айқын көрсетіп отыр. Осы тұрғыда Қазақстанның әр аймағында су ресурстарын тиімді игеру – күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Ал Жамбыл облысындағы коммуналдық меншіктегі 113 гидротехникалық құрылымдарда бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр?