Алматыда қоқысты сұрыптау оң әдетке айналып келеді

Қазақстанда жыл басынан бері 2 миллион тоннадан тұрмыстық қалдық жиналды.

Оның үштен бір бөлігі сұрыпталып, қайта өңделді. Бұл көрсеткіш тұрғындар арасында қоқысты сұрыптау мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Алматыда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Қайта өңдеуге қадам» атты іс-шара өтті. Тұрғындар Әуезов ауданындағы комьюнити орталыққа пластик, шыны, қағаз сияқты қайта өңделетін қоқыстарын өткізді. Ұйымдастырушылар қалдықтарды сұрыптауды күнделікті дағдыға айналдырып, экологиялық жауапкершілікті арттыруды көздейді. 

Нұрислам Нұрболұлы, Әуезов ауданы комьюнити орталығының жоба менеджері:

- Бұл маңызды жоба екенін көрсеткіміз келеді. Бір қағазды алу үшін қаншама ағаш құрбан болады. Оны жастарымыз біледі. Экологияны тек біз ғана емес, Алматының әсемдігін бізден кейінгі ұрпақ көргенін қалаймыз. Сол себепті сұрыпталған қоқыстың барлығын алып, экохабқа апарып өткіземіз. Экохабта әрі қарай түрлі бұйым жасайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыз: