Екібастұз жастары тазалық үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатыр
Екібастұз – кеншілер мен энергетиктердің мақтанышы, әлемге әйгілі ірі тас көмір қорының ордасы. Павлодар облысының оңтүстік-батысында орналасқан бұл қала 1957 жылдан бері облыстық маңызы бар өнеркәсіп орталығы саналады. Бүгін «Таза Қазақстан» бағдарламасы осы өндірісі дамыған өңірге келіп, экологиялық жағдайын бағамдамақ.