Ақылды қала. Енді сіз 2 сағатта жүргізуші куәлігін ала аласыз

Бар-жоғы 2 сағат қана уақытыңызды бөлсеңіз кез-келген Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігіне қол жеткізе аласыз. Қағаз бастылықтан арылтқан онда бұрынғыдай ұзын-сонар кезек те жоқ. Орталықтағы смарт құрылғылар барлық істі тез арада жасап береді. Бүгін сіздерді озық технологиямен жабдықталған осындай орталықтардың бірімен таныстырамыз.