Ерекше мейірімді және еңбекқор Әмина
«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – Әмина Өмірзақова. Жасы 13-те. №63 жалпы білім беретін орта мектептің 7-сынып оқушысы. Әмина бұл мектептің табалдырығын аттағалы көп өзгерді. Бастапқыда педагог ассистентпен жүретін бүлдіршін, бүгінде өзі мектепті емін-еркін аралап жүреді. Көмек керек болса сыныптастарынан сұрайды.