Ерекше балалармен бірге хорда ән айтады. Өнерлі бала Дархан

«Тең мүмкіндік» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – Дархан Қамбар. Ол №206 мектеп-гимназияның 3-сынып оқушысы. Дархан Қамбар талабы зор бала дейді ұстаздары бір ауыздан. Мектеп табалдырығын енді аттағанда басқа балалардан ерекшеленіп келген бүлдіршін бүгін мектептің тынысына, заңына, оқу-тәрбие жүйесіне ілесіп сыныптастарынан қалмай келеді. Ата-анасы мектептен кейін оны түрлі үйірмелерге апарып баланың жаңа қырынан ашылуына септігін тигізуде.