Әншілікке құмар Назерке Әміре қатарластарымен бірдей білім алып жүр

Назерке сыныптастарынан мінезімен, өнерімен, сол сияқты көптеген қасиетімен ерекшеленіп тұрады. Ол шетелдік аудиторияны бағындыруды армандайды. Корей елінің танымал әншісі болғысы келеді. Кейде оның мақсаты, іс-әрекеті, айтқан сөздері айналасындағыларға түсініксіз болып көрінеді. Десе де бұл оның болмысы және ерекшелігі. Адамдар арасындағы айырмашылықтар қоғамға құнды үлес қосатынын ескеру керек. Тәжірибенің, білімнің және болашақ жоспардың әртүрлілігі мәдениетті байытады және инновацияны дамытады. Инклюзивті қоғам барлық адамға оқуға, жұмыс істеуге және дамуға тең мүмкіндіктер береді.