Мектеп психологі инклюзивті білім беруде қандай рөл атқарады?
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту ғана емес, бұл сонымен қатар болашақта экономикалық дамудың маңызды кепілі. Оқу-тәрбие процесіне инклюзивті білім беруді енгізу мектеп психологіне тікелей әсер етеді. Оның бұл үдерістегі рөлі – жекелеген балалар мен педагогтерді, сыныптар мен жергілікті қоғамдастықты біріктіретін, балалардың шектеулеріне емес, мүмкіндіктеріне назар аударатын тұтас қолдау жүйесін құру. Басқаша айтқанда, мектеп психологі мектептің корпоративтік мәдениетін өзгертіп, мұғалімдерге кәсіптің жаңа қырына бейімделуге көмектеседі.