Білім беру мен оқушының әлеуметтік бейімделуін үйлестірген мектеп

№74 жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беруді қажет ететін балалар саны аз емес. Өйткені бұл мектептің мамандары 2017 жылдан бастап инклюзивті білім беруді қолға алып, әбден тәжірибе жинаған. Пән мұғалімдері де, мектептегі әрбір оқушы да инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатқанын жақсы біледі.