Тыныш бала және үлкен әлеует: Нұрислам Қалыбек туралы хикая

Нұрислам – 84-мектептің 5-сынып оқушысы. Сабырлы, байсалды, көп сөйлемейді. Бірақ оның әр сөзі салмақты. Бұл шығарылымда біз ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға арналған ресурстық кабинеттердің жұмысымен танысып, Нұрисламның сыныпта қалай ашылып келе жатқанын, ұстаздар мен сыныптастарының қолдауы оның өмірін қалай өзгертіп жатқанын көрсетеміз. Инклюзия – тек әдіс емес, бұл – жүрекпен қабылдау.