Әлемде қақтығыс құрсауында 589 млн бала бар

Қыс қараусыз, баспанасыз жүрген балаларға ауыр болғалы тұр. Халықаралық Save the Children ұйымының мәліметіне қарағанда, 2025 жылдан бері соғыс жүріп жатқан аймақтарда тағдыр тауқыметін тартқан жеткіншек саны 589 миллионнан асқан. Бұл әлемдегі барлық балалардың – 23,4 пайызы. Олар ас-су тұрмақ, бірауыз жылы сөзге зәру. 

Сарапшылар Иран, Йемен, Ливан мен Газа секторындағы соғыс салдарынан жетімдер саны бірнеше есе артуы мүмкін деп қауіптенеді. 2020-2025 жылдар аралығында жарылмаған оқ-дәрілер мен миналардан 12 мыңнан астам бала қаза тапқан немесе мүгедек болып қалған. Жалпы минадан зардап шеккен бейбіт тұрғындардың 46 пайызы – жеткіншектер.

Сондай-ақ оқыңыз: