Елімізде инклюзивті білім беруді дамытуда жаңа кезең басталды
Біздің елімізде ерекше жандар мен олардың ата-аналары бар. Олар өз ерекшеліктерін қуатты күшке айналдырып, әр күндерімен сәттерінен мән-мағынаға толтырып, қоғамға әлемнің әртүрлі және соған қарамастан бірлікте бола алатынын үйретіп жүр. Еңбек, табандылық және мейірім бұлардың басты қарулары. Барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, білім алып, дамып, өсіп-өніп, туған елдің шаңырағын биік ұстауға өз үлестерін қосуға деген талпыныстары тамсандырады.