Алматыдағы №154 мектеп инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөледі

Инклюзивті білім берудің ең маңызды кезеңдерінің бірі – баланың бірінші сыныпқа қадам басуы. Себебі дәл осы уақытта бала жаңа ортаға бейімделіп, адамдармен қарым-қатынас құруды, өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуді үйренеді. Ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін алғашқы ұстаздың қолдауы, сыныптағы атмосфера және қатарластарымен бірге оқу – болашақ дамуына үлкен әсер етеді.