Инклюзивті білім: Әр баланың қабілеті әр қырынан ашылады

№213 мектептің үшінші сынып оқушысы Бексұлтан үшін мектеп — білім алып, достарымен араласып, өз қабілетін танытатын орта. Бір сыныпта мінезі де, қызығушылығы да, оқу қарқыны да әртүрлі балалар жиналады. Бірақ әрқайсысының білім алуға, ойын айтуға, ортақ іске қатысуға құқығы бірдей. Инклюзивті білім беру осы тең құқықты күнделікті мектеп өмірінде жүзеге асыруға бағытталған. Ол әр баланың қажеттілігін ескеріп, қатарластарымен бірге оқуына, сынып өміріне белсенді қатысуына жағдай жасайды. Ал бір-бірін тыңдап, қолдап, өзгешелікті қалыпты қабылдап өскен балалар өзара құрметке негізделген қоғам қалыптастырады.

Сондай-ақ оқыңыз: