Инклюзивті білім: Мамандар баланың ортаға бейімделуіне жағдай жасайды
Алматы қаласындағы №152 жалпы білім беретін мектепте инклюзивті білім беру жүйесі күнделікті оқу үдерісінің ажырамас бөлігіне айналған. Мұнда әр баланың ерекшелігі ескеріліп, білім алуға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бүгінде Қазақстанда инклюзивті білім беру тек заң жүзіндегі талап емес, баланың қоғамға бейімделуіне, өз мүмкіндігін сезінуіне және тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін маңызды бағыттардың біріне айналып отыр. Осындай қолдаудың арқасында оқушы өзін тек мектеп қабырғасындағы бала ретінде емес, қоғамның маңызды мүшесі ретінде қабылдай бастайды.