«Samruk kazyna Trust» қоры 31 инклюзияны қолдау кабинетін ашты
Инкюзивті білім беру бүгінде сапалы білімнің маңызды бөлігіне айналды. «Самұрық Қазына» компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk kazyna Trust» қорының бастамасымен еліміздегі мектептерде 31 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істеп тұр. 21 кабинет Астана қаласында, ал Ақмола және Атырау облыстарында бес-бестен ашылды. Бұл кабинеттерде екі мыңнан астам бала қажетті қолдау мен сапалы көмек алып келеді.