Инклюзивті білім: Айсұңқар сабағына жауапкершілікпен қарайды
Жасөспірім шақта болашақты бағдарлау өз қызығушылығын танып, таңдау жасаудан басталады. №185 мектеп-гимназияда инклюзивті білім беру аясында Айсұңқарға осы ізденіске мүмкіндік берілген. Оның мектептегі күні түрлі мазмұнды істерге толы: тәжірибе жасайды, шығармашылықпен айналысады, жаңа дағдыларды меңгереді. Әр сабақ, әр әрекет оның қабілетін байқап, қызығушылығын анықтауына және өз бетінше әрекет етуіне жол ашады.