Ауғанстанда мектеп маңындағы жарылыстан 10 бала қаза тапты
Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы мектеп маңында болған жарылыстан 10 бала қаза тауып, тағы 110 адам жараланды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Матин Каниге сілтеме жасап, BBC News және Sky News агенттіктері хабарлады. Қайғылы оқиға Пәкістанмен шекаралас таулы аймақтағы Кунар провинциясының орталығы – Асада-Бад қаласының іргесіндегі Андарсир ауданында болды. Жараланғандардың басым бөлігіне алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Алдын ала тергеу мәліметі бойынша, жарылысқа тау-кен жұмыстарына арналған жарылғыш заттарды сақтау кезіндегі салғырттық пен қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы себеп болған. Салдарынан мектептің 2 оқу кабинетінің шатыры опырылып түсті.