Инклюзивті білім: Ернар өскенде полиция болғысы келеді
Жалпы білім беретін мектепте әр баланың қатарластарымен бірге білім алып, ортақ ортада өз орнын табуы маңызды. Инклюзивті білім беру баланың жеке қажеттілігін ескеріп, оқуына, қарым-қатынас жасауына және қабілетін дамытуына қажетті қолдау көрсетуді көздейді. Сол қолдау күнделікті мектеп өмірінің бір бөлігіне айналғанда, бала өзін осы ортаның толыққанды мүшесі сезінеді.