Транспорт және логистика. Боранды күні жолыңызды ашатын қызмет

Қыс мезгілінде көліктердің қар құрсауында бөгеліп қалмауын үлкен автожолдарда кімдер қадағалайды?

Қыстың боранды күндері мен жаздың аптап ыстығына төтеп беретін жолдардың тазалығына жұмылдырылатын арнайы техникалардың мүмкіндіктері қандай? Жалпы республикалық деңгейдегі жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарына қатысты ең басты мәселе қаржы қалай бөлінеді? Көлік жүргізушілердің игілігі үшін жұмыс істейтін қызмет бүгінгі бағдарламаның тақырыбына арқау болмақ.