Транспорт және логистика. Қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сервисі
Халыққа қызмет көрсететін қоғамдық көліктердегі тәртіп қандай?
Күн сайын қала тұрғындары межелеген жеріне жету үшін қоғамдық көліктерді пайдаланады. Ал ондағы жұмысшылардың өзіндік қызмет көрсету тәртібі бар. Өкініштісі бүгінде әлеуметтік желілерде біз осы қызмет түріне қатысты түрлі кикілжің түсірілген бейнежазбаларды көріп жатамыз. Бұған қоғамдық көлік қызметкері кінәлі ме, әлде жолаушылар мәдениеті төмендеп бара ма?
Осындай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін елордада Көлік бақылау қызметі жасақталды. Олар тәртіп бұзушылық, автобустардың техникалық қамсыздандырылуы мен санитарлық жағдайдың сақталуына жауапты. Жалпы бұл жерге алынатын қызметкерлерге қойылатын талап қандай? Олар қоғамдық көліктегі тәртіпті қалай бақылайды?