Елдің 9 аймағына қауіп төніп тұр | Түйін
Тура бір аптадан кейін қар көбесі сөгіліп, көктем келеді. Ия, қыстан қысылып шыққан халық тоң жібітер сәттен жақсылық күтеді. Бірақ, бізде көктеммен бірге, қауіп те қатар келеді. Тасқынға тосқын таппай тыпыршып қалатынымыз жасырын емес. Былтырғы алапатты ұмыта қою қиын. Иә, апат айтып келмейді. Бірақ қайтып келетініне көз жетті. Былтыр елдің жартысынан көбі қарғын судың бетінде көлкіді. Шамамен Қазақстанның 60 пайызы. Бұрын-соңды болмаған қатер десті.