Тұтынушы таңдауы. Фастфуд өнімдері

21-ғасыр жұмысбасты адамдар қоғамы. Уақыт тапшы. Әсіресе мегаполис тұрғындарының санасын тұрмыс билеп барады. Тіршіліктің қарбалас болып кеткені соншалықты әрбір сағат, минутымызға дейін жоспарлап қоямыз. Себебі, бәріне үлгеруіміз қажет. Осыдан келіп, жүре тамақтанатын болдық. Ал талғамыңа сай таңдау жасайтындай тамақтану орындары жетіп артылады. Маркетинг саласындағы мамандар сұранысты өтеуге жарап тұр. Сонымен бүгінгі хабарымыз фастфуд өнімдеріне арналмақшы.