Үлкен спорт. Әлем чемпионаттарының рекордшылары

Екінші турдың матчында Англия Панаманы 6:1 қылып ұтқаннан кейін, «Спорт Арена» өткен ойындардың рекордшыларын еске түсіріпті. Осы жолы үлкен нәтиже көрсеткен британдықтар бұған дейінгі әлем чемпионаттарында әрі кетсе үш гол салып ерекшеленген екен. Бірақ ағылшындарды шаң қаптырған құрамалар да бар көрінеді. Мысалы, 1982 жылғы Венгрия - Сальвадор ойынында есеп 10:1 болған. Осы масқарадан кейін Сальвадор әлем чемпионатына мүлдем қатыспапты. Ойын кезінде соғылған 13 голдың оны венгрлерге тиесілі. Әріптесін ауыстырған Ласло Кишш небары 7 минуттың ішінде қатарынан 3 гол соққан. Күні бүгінге дейін бұл рекордты ешкім бұза алар емес. Ал 1974 жылғы әлем чемпионатына қатысқан жалғыз африкалық мемлекет Заир елінің ойыншылары Югославиядан 9:0 есебімен ұтылған. Заир топтағы үш ойында жеңіліп, бір де бір гол сала алмаған. Немістер 2002 жылы өздерінің әлемдік деңгейде мықтылығын мойындатып, Сауд Арабиясын 8:0 есебімен ұтыпты.