Үлкен спорт. Тайсон Фьюри Уайльдермен жұдырықтасуға тас-түйін дайын

Тайсон Фьюри жаттығуды доғарып, Уайльдермен жұдырықтасуға тас-түйін дайын. ESPN жазуынша, жуырда спортқа оралған британ боксшысы екі кездесу өткізе сала, мықтылардың мықтысы саналатын америкалық алпауытпен күш сынасуға дайын екендігін мәлімдеді. Фьюри 18 тамызда Белфасттағы кездесуде Франческо Пьянетаны жеңді. 10 раундқа созылған айқаста жалғыз төреші британдық жеңіске лайық деп шешті. Дегенмен қарсыласын ұрып құлатамын деген Фьюридің қимылына көңілі толмаған 25 мың көрермен жекпе-жек біткесін жер тепкілеп, ысқырып шу шығарды.