Үлкен спорт. Бразилия футболы конфедерациясының бұрынғы президенті 4 жылға сотталды

Бразилия футболы конфедерациясының бұрынғы президенті 4 жылға сотталды, деп хабарлайды «Гол». Бұл ұйымды 2012- 2015 жылдар аралығында басқарған Хосе Мария Марин қазір 86 жаста. Сексеннің сеңгіріне шыққан қария «Фифадағы» сыбайлас жемқорлықты тексерген америкалық тергеуден кейін түрмеге түскен алғашқы функционер болып отыр. Үкім оқылған кезде Марин көз жасын ірке алмады. Copa America секілді футбол турнирлеріне байланысты маркетингтік және демеушілік келісімшарттарды жасаған кезде ол 6,55 млн еуро пара алған екен. Бұл қылмыстар АҚШ-та жасалып, ақша Америка банктері арқылы аударылған. Мариннің ісімен Нью-Йорк сотының айналысуы да осыдан.