Үлкен спорт. Басы дауға қалған Роналдиньоның қазіргі жағдайы қалай?
«Спорт Арена» ресурсы абыройы айрандай төгілген Роналдиньоның қазіргі жағдайы туралы жазыпты. Биыл қаңтар айында бразилиялық спортшы өз карьерасын ресми түрде аяқтаса да, медиакеңістікпен қоштасуға асықпады. Ал қараша айының басында миллиондардың сүйіктісіне айналған футболшының заңды белден басқаны мәлім болды. Ол биліктің келісімінсіз Гуайба көлінің қорыққа берілген аумағында қант құрағын өңдейтін зауыт, қойма, балық аулайтын платформа мен айлақ салыпты. 2015 жылы сот бұрынғы футболшыға 164 мың еуро айыппұл салған еді. Алайда спортшы сот қаулысын орындап, ақы төлеуден бас тартты. Ал айыппұл көлемі үш жылдың ішінде еселеп өсіп, бүгінде 2 миллионнан асып кетіпті.