Үлкен спорт. Стефани Гилмор 7-ші рет сёрфингтен әлем чемпионы атанды
Гавайдағы «Мауи Про» кезеңінде жеңіске жеткен австралиялық Стефани Гилмор 7-ші рет сёрфингтен әлем чемпионы атанды. Әлемнің бірінші серфиншісі Лейки Петерсон өзінің отандасы, америкалық Алана Блэнчарттан жеңіліп қалды. Бұл сәт Гилмор үшін іздегенге сұраған болды, деп жазады «Рейтер» агенттігі.