Тасқынға тосқауыл: көктемге дайындық деңгейі қалай жүріп жатыр?

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ҚҚС төлеуден босатылады. Кей салада 16%, енді біріне 10% деңгейінде мөлшерлеме қарастырылған. Осылайша Үкімет саралаған Қосымша құн салығын ұсынып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. Оның айтуынша, ауылшаруашылығы саласын құн салығынан босату аталған бағытты бәсекеге қабілетті етуге мүмкіндік береді. 10 пайыз мөлшерлеме нақты қай салада қолданылатыны әлі талқылануда. Жалпы құн салығынан бюджетке қосымша 4-5 трлн теңге түседі деген болжам бар. Бұл қаражат агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі мен қорғаныс салаларын нығайтуға бағытталады. Мұндай өзгеріс қосымша құн салығын төлеп отырған 88 мың бизнес субъектісіне қатысты. Бұл отандық кәсіпкерлердің 4 пайызы ғана.