«Жомарт» шахтасындағы апатқа қатысты үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр
«Жомарт» шахтасындағы апатқа қатысты арнайы екі комиссия құрылды. Біреуі оқиғаның себептерін, екіншісі қауіпсіздік ережелерінің қай арада бұзылғандығын анықтайды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, шахтадағы апатқа табиғи газдың жарылуы себеп болуы мүмкін. Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев комиссия жұмысының барысын баяндады. Қос комиссия жұмысы 10 күнде аяқталатынын айтты. Апат орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық жедел штабы ашылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қолдау көрсетіледі. Премьер-министр оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын толық жою керек екенін айтты. Сондай-ақ бұл бағытта атқарылып жатқан істердің бәрін бақылауда ұстайтынын мәлімдеді.