Экономиканы цифрландыру: Ұлттық тауарлар каталогі енгізіледі

Сауда саласын цифрландыру қарқын алды. Сауда-саттықты толық қадағалау мақсатында тауарлардың ұлттық каталогі жасақталып жатыр. Яғни тауарды өндіруден немесе елге жеткізуден бастап өткізуге дейінгі барлық кезең онлайн түрде қадағаланады. 

Ал цифрлық таңбалау ішкі нарықты контрафактілік және сапасыз өнімдерден қорғауға, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Түптеп келгенде цифрлық шешімдер өндірушілер, сауда желілері мен мемлекеттік органдар арасында тікелей байланыс орнатып, басы артық делдалдардан құтқарады.