Елдің солтүстігінде егіннің 80% орылды
Елдің солтүстік аймақтарында қазір орақ науқаны қызған шақ. Жауапты министрлік биыл да рекордтық көлемде егін жинаудан үмітті. 24 млн тонна астық бастырылады деген болжам бар. Қазір соның 15,5 млн тоннасы қамбаға құйылды. Орташа өнімділік гектарына 15 центнер.
Десе де алдағы орақ маусымы оңайға соқпауы мүмкін. Толассыз жауған жаңбыр диқандардың жиын-терімге толық кірісуіне қолбайлау. Бірақ Үкімет қам-қарекетсіз қалмайды. Алқап басындағы жұмыстар уақытылы аяқталуы үшін атқамінерлерге жүктелген тапсырма аз болмады.