Қазақстанда бес трансшекаралық хаб құрылады
Қазақстан Орталық Азияның ірі транзиттік хабына айналатын күн алыс емес. Биыл 10 айда ел аумағы арқылы 955 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% көп. Ресми статистика осындай. Десе де бұл аздық етеді. Транзиттік әлеуетті арттыру үшін елде 5 трансшекаралық хаб іске қосылады.