Жасанды жады – ел дамуының жаңа кезеңі

Жасанды интеллект ғарыштық жылдамдықпен дамып келеді. 2030 жылға қарай жасанды жадының жаһан экономикасына қосатын үлесі $22 трлн-нан асып түседі. Қазір әлем бұрын-соңды болмаған технологиялық өзгерістерді бастан кешіруде. Көштен қалмай заман ағымына бейімделген мемлекеттердің бәсі биік болмақ. Бірақ бәсеке мықты. Тегеуріні мықты ел басып озады. Ал көшбасшы болуға әркімнің бар таласы. Еліміз де цифрлық алпауыттармен иық тірестіріп, өз еншісін иемденгісі келеді. Ауқымды жоспар қалай іске аспақ? Қазақстанның адымы қалай?