Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау заңмен реттеледі
Елімізде зағип азаматтарға бұдан былай ақпарат қолжетімді бола түспек. Жақында Президент тиісті заңға қол қойды. Демек зағип және көру қабілеті нашар адамдар жарияланған туындыларға оңай қол жеткізеді. Құжат авторлық құқықтарға қатысты ұлттық заңнаманы Марракеш шартына сәйкестендіруді қарастырады. Айта кетейік Марракеш шарты 2013 жыл Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының дипломатиялық конференциясында қабылданған. Онда зағиптар үшін әдеби және көркем шығармаларға қолжетімділігін жеңілдету, сондай-ақ кедергілерді жою көзделеді.