Бала асырап алушы тәлімгерлерге талап қатаңдатылады
Бұдан былай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік ететін адамдарды оқыту міндеттеледі. Заңда оларды дайындайтын ұйымдардың құқықтары мен міндеттері айқындалды. Балалардың құқығын қорғайтын заңға дәл осы "Тәлімгерлік ұйымы деген" ұғым ресми түрде енгізілді. Тәлімгерлік институтын жетілдіруге бағытталған заң сенатта мақұлданды. Қазақ қашанда «жетімін жылатпаған» ел ғой. Айта кетейін, жалпы Тәлімгерлік институты енгізілгелі біраз уақыт болды. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға кім-көрінген тәлімгерлік ете алмайды. Олар арнайы оқытылады. Бүгінге дейін еліміздің 17 қаласында 330-дан астам адам тәлімгер атанды. 77 - білім беру ұйымдарында 2962 - бала тәрбиеленіп жатыр.