Алатау қаласы ерекше мәртебеге ие болады

Қаланың дербес басқару, қаржыландыру және жер пайдалану жүйесі болады. Парламент «Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Құжатқа сәйкес, Алатау дербес басқарушылық, қаржылық және институционалдық ерекше режимі бар қала ретінде қалыптасады. Басқару моделі қазіргі әкімшілік басқару мен стратегиялық дамуды бөлуге негізделген. Бұл үдерісте негізгі рөлді Alatau City Authority атқарады. Ол Үкімет құрамына кірмейтін, бірақ Премьер-министр төрағалық ететін Кеңеске есеп беретін мемлекеттік қор нысанындағы орталық мемлекеттік орган.