Білім саласында тең мүмкіндіктер қаралады

Елде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекпен қамтуға басымдық беріледі. Саладағы әлеуметтік саясат өзгеріп, ерекше жандарды жұмысқа тарту ісін ширату көзделіп отыр. Жоспарлы жұмысты Үкімет негізгі екі тетік арқылы іске асырмақ. Ол бойынша азаматтарға кәсіп үйретіп қана қоймай, тұрақты табыс тауып, ортаға қиындықсыз бейімделуіне жағдай жасалмақ. Бұл мәселе жақында Үкіметте қаралды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды еңбекпен қамту жүйесі енді цифрландырылмақ. Демек бұрынғыдай кезек күтіп, кабинет жағалау тоқтайды. Оның үстіне жұмысқа орналастыруға бөлінетін квота санын 2 есеге арттыру жоспарланып отыр.