Мобильді интернет жылдамдығы артып келеді
Биыл жыл соңына дейін елімізде пойыздар мен ұшақтарда интернет қолжетімді болады. Елдегі республикалық маңызы бар автожолдар мобильді интернетпен, пойыздар мен ұшақтар спутниктік интернетпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ Қазақстанның кез келген жерінен ұялы телефон арқылы интернетке қосылу мүмкіндігі болады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев жаңа заң таныстырылымында мәлімдеді. Жақында Мәжіліс телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамытуға қатысты заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.