Жүргізушілерге жаңа талап
Жолдағы тәртіп әр жүргізушінің ғана емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сондықтан заң талаптары да кезең-кезеңімен күшейтіліп жатыр. Енді 65 жастан асқан жүргізушілер екі жыл сайын міндетті медициналық тексеруден өтсе, 25 тамыздан бастап бұл талап мүгедектігі бар жүргізушілерге де қолданылады. Сонымен қатар қауіпті жүргізушілерді анықтайтын цифрлық бақылау жүйелері кеңейіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жаңа тетіктер енгізілуде. Бұл өзгерістер жол апаттарын азайтуға қаншалықты ықпал етеді?