Дербес деректерді қорғау талаптары күшейді
Цифрлық қауіпсіздік бүгінде әрбір азаматқа ғана емес, әрбір ұйым мен мемлекеттік мекемеге де ортақ міндетке айналды. Осыған байланысты елімізде киберқауіпсіздік талаптары күшейтіліп, дербес деректерді қорғауға бағытталған жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді. Енді жұмыс берушілер қызметкерлерді киберқауіпсіздік негіздеріне оқытуға міндеттелсе, цифрлық жүйелердің қорғалуына қойылатын талаптар да қатаңдай түсті. Жаңашылдықтардың мақсаты қандай және олар азаматтардың қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?