Сталкинг: заңдағы жаңа бап және жауапкершілік
Кейінгі кезде жиі еститін сөздің бірі – сталкинг. Бұл адамның жеке кеңістігін бұзу, қысым жасау, тіпті психологиялық зорлық көрсету. Елімізде Қылмыстық кодекске арнайы бап енгізілгелі үнсіз күрес жария болып, алғашқы сот үкімдері шыға бастады. Сталкерлер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бүгін «Заң мен тәртіп» бағдарламасында осы мәселенің мән-жайына тоқталамыз.