Астаналық туристік полиция 3 мыңнан аса туристке қызмет көрсетті

Қытай, Еуропа, Шығыс елдері. Туристік полицейлерге тіл кедергі емес. Алдына келген мейманға қажет көмекті әп-сәтте көрсетеді. Жыл басынан бері Астанадағы туристік полиция бекеттеріне 3 мыңнан аса турист жүгінді. Олар елорданың көрікті орындарын сұрайды. Тіпті елдегі инвестициялық климатқа қызығушылық танытатындар көп. Шетелден келген меймандардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтып жүрген тәртіп сақшыларының бір күнін сіздерге таныстырамын.