Курьерлерге талап күшеюі мүмкін
«Жеткізу мерзімі өтіп кетті. Қайта рәсімдеу үшін сілтемеге өтіңіз». Сізге курьерлік қызметтен осындай хабарлама келсе, пәрменді орындауға асықпаңыз. Өйткені бұл - алаяқтардың әрекеті. Бас прокуратура қаскөйлердің жаңа схемасын ескертті. Олар логистикалық компаниялардың ресми сайттарын көшіріп, арам пиғылда пайдалана бастаған. Курьерлердің жұмысы да назарда. Алматылық сарапшылар: «Жеткізушіге талапты қатаңдату керек», - дейді.