Әуежай қалжыңдайтын орын емес

Мұнда аңдамай сөйлеп, жауапкершілік арқалау оп-оңай. Осындай әрекетіңіз үшін айыппұл төлеуден бастап, бас бостандығыңыздан айырылуыңыз мүмкін. Былтыр ІІМ Көліктегі полиция департаментінде терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бойынша 27 факт тіркелді. Оның 8-іне әуежай жолаушыларының әзілі себеп болған. Азаматтар қалжыңдап, қол жүгінде «жарылғыш зат» барын айтқан. Бірақ бұл ойнайтын дүние емес.