Түзеу мекемелеріне ЖИ енгізіліп жатыр

Елде 30 мыңнан аса азамат түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. 10 мың адам пробация есебінде тұр. Көрсеткіш алаңдатарлық. Иә, «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дейді. Дегенмен, түзеу орындарында да тезге түсуге көнбейтіндер көп. Олармен тиісті жұмыс жүргізіледі, әрине. Ал бұл салада цифрлық технология мүмкіндіктері қалай қолданылып жатыр? Осы сұраққа жауап іздейміз.