Петропавл рекорд жасай ма?
Петропавлда қазір миллиардтаған теңгеге бірнеше ірі жоба жүзеге асып жатыр. 2 жылға созылған көпір құрылысында мердігер ауысып, не бары 11 айда қозғалыс ашылды. Тасқын кезінде сыртқы әлемнен ажырап қалған ауылға жаңа жол мен көпір салынып жатыр. Ал 2 жыл бұрын қызыл су жеткен аумақта 4 млрд теңгелік экопарк бой көтеруде.
Қала тағы бір үлкен мақсат қойып отыр – 2 шақырымнан асатын Қазақстан Конституциясы көшесін Гиннес рекордтар кітабына енгізу.
«Жасампаз мекен» бағдарламасының жаңа шығарылымында Риат Шони Петропавлға арнайы барып, миллиардтық жобаларға журналистік аудит жасады: құрылыс барысын тексеріп, мердігерлерден, жауапты мамандар мен қала басшылығынан тікелей жауап алды.
Мердігер ауысқан соң не өзгерді? Тасқын қайта келсе, жаңа нысандар төтеп бере ме? 4 млрд теңгелік экопарк қауіпсіз бе? Ал Петропавл әлемдік рекорд орната ала ма?
Жауабы – «Жасампаз мекеннің» жаңа шығарылымында.