Ақтөбеде алып құрылыс!
Ақтөбеде ауқымды құрылыс жүріп жатыр. УЕФА-ның жоғары санатына сай стадион, заманауи театр және ерекше балаларға арналған арнайы балабақша бой көтеруде.
«Жасампаз мекен» бағдарламасының жүргізушісі Риат Шони құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Нысандардың ерекшеліктерін, қолданылып жатқан технологияларды және құрылыс сапасының қалай қадағаланатынын білді.
Жаңа стадионның Мюнхендегі әйгілі Allianz Arena-ға қандай ұқсастығы бар? Театрда қандай заманауи технологиялар қолданылады? Ал ерекше балабақша бүлдіршіндерге қандай мүмкіндік береді?
Толығырақ «Жасампаз мекеннің» жаңа шығарылымында!