Стиль таза Қызылорда!

Бір ғасыр бұрын қазақ елінің астанасы болған Қызылорда бүгінде ауқымды құрылыс алаңына айналды. Сырдарияның қос жағалауында заманауи ғимараттар бой көтеріп, жаңа жолдар салынып, әлеуметтік инфрақұрылым жаңарып жатыр.
Қаланың ішкі жолына түсетін салмақты азайтатын 26 шақырымдық айналма жол қалай салынып жатыр? Қызылорданы Каспий теңізімен жалғайтын жаңа магистральдың маңызы қандай?
2,5 мың көрерменге арналған әмбебап залы мен олимпиадалық бассейні бар «Қызылорда Арена» несімен ерекше?
Ал өңірде салынып жатқан көпбейінді аурухана мен жаңа емхана тұрғындарға қандай мүмкіндік береді?
«Жасампаз мекен» бағдарламасының бұл шығарылымында Риат Шони Сыр еліндегі ірі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысын өз көзімен көріп, маңызды сұрақтарға жауап іздейді.

Сондай-ақ оқыңыз: